Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің ақсақалдарымен арнайы кездесті.
Кездесу барысында Бас мүфти қазақ халқының рухани тірегі – отбасылық тәрбие, үлкенге құрмет, ұлттық салт-дәстүр екенін атап өтіп, ақсақалдардың қоғамдағы орнына ерекше тоқталды.
«Ізгі қоғам – үлкенге құрмет, кішіге ізеттен басталады. Біз ұрпақ тәрбиесінде материалдық мұрадан бұрын, рухани құндылық пен өнегелі өмір салтын үлгі етуіміз қажет», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Басқосуда ақсақалдар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, Бас мүфти елдің бірлігі мен руханияты жолында бірлесе қызмет етуге шақырды.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
23.07.2025
2799
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру