Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.07.2025 2959 0 пікір
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Бас мүфти Қазақстанда сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілі татулық пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын атап өтіп, қазақ халқының бейбітшілік пен діндер арасындағы өзара сыйластықты басты құндылық ретінде бағалайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың ел мұсылмандарына бағытталған рухани-ағарту, қайырымдылық, халықаралық байланыс сынды ақпараттармен бөлісті.

Өз кезегінде Елші Сильван Гиоге мырза жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық және дінаралық келісім үлгісін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Кездесу екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға негізделген мазмұнды пікір алмасумен аяқталды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру