Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет және қайырымдылық»: Саңырау спортшыларға қолдау көрсетілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 03.07.2025 513 0 пікір
«Зекет және қайырымдылық»: Саңырау спортшыларға қолдау көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры «Астана қаласының саңырау спортшылардың спорттық бағдарлау федерациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне қолдау көрсетті.

Атап айтқанда, Қордың ZEKET HUB орталығында арнайы дайындалған, Қордың логотипі мен атауы бейнеленген футболкалар аталған бірлестік спортшыларына тарту етілді.

Игі іс-шара мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани және моралдық демеу беріп, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруды мақсат етеді.

Тараптар алдағы уақытта өзара әріптестікті одан әрі нығайтып, ерекше жандардың спорт арқылы қоғам өміріне белсене араласуына жан-жақты жағдай жасауға ниетті екендерін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру