Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Шымкент қаласындағы Сейітжан қари мешітінде «Уақып – сарқылмас қазына» атты республикалық семинар өтті.
Семинар жұмысына қала имамдары мен жергілікті дін қызметкерлері қатысып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылғы бағдарлық баяндамасында айтылған маңызды бастамалар, атап айтқанда, «Қасапхана» жобасының маңызы, «Қазақ Құран баспасының» қажеттілігі және Уақып қорын дамыту тетіктері кеңінен талқыланды.
Семинарда «Уақып» корпоративтік қорының директоры Азамат Абдикеримұлы: «Уақып – бұл сарқылмас сауаптың, рухани тұрақтылықтың және қоғам игілігінің кепілі», – деп атап өтті.
Шара барысында қатысушылар уақып қызметін жетілдіру, қайырымдылық жобаларын жүйелеу бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
01.07.2025
454
0 пікір




+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру