Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ делегациясы Мароккода Жоғары ғылыми мәжілістің жұмысымен танысты

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.06.2025 1004 0 пікір
ҚМДБ делегациясы Мароккода Жоғары ғылыми мәжілістің жұмысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Марокко Корольдігіне арнайы іссапармен барған ҚМДБ делегациясы Рабат қаласында орналасқан Жоғары ғылыми мәжілісінің жұмысымен танысты.

Сапар барысында делегация мүшелері Жоғары ғылыми мәжілістің басшысы доктор Асбан Мұхаммедпен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі елдің діни басқармалары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, діни білім мен рухани тәрбие саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ ислам ғылымын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Доктор Асбан Мұхаммедке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемі жеткізіліп, сый-сияпат табысталды. Өз кезегінде доктор Асбан ҚМДБ делегациясына алғысын білдіріп, алдағы уақытта екіжақты байланыстардың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Марокконың Жоғары ғылыми мәжілісі исламтану, фиқһ, Құран ғылымдары мен діни білім беру салаларында кең ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, елдің рухани бағыт-бағдарын айқындайтын басты мекемелердің бірі саналады.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру