Атырау облысы өкілдігіне қарасты Бақтыгерей молла мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесі қарсаңында әжелер арасында «Фатиха» және «Ықылас» сүрелерінен Құран сайысы өтті.
Сайыс үш кезеңнен тұрды: 1. Құран сүрелерін мәнерлеп жатқа оқу 2. Мағынасына тоқталу 3. Дұрыс тәжуидпен оқу.
Игі шара аға буынның діни білімге деген ынтасын арттырып, кейінгі ұрпаққа өнеге болуды мақсат етті.
Сайыс нәтижесі бойынша: • Бірінші орын – Жапарова Қарлыға • Екінші орын – Сүгірова Роза • Үшінші орын – Сағынаева Гүлжан Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар, естелік сыйлықтар және арнайы марапаттар табысталды.
Ұйымдастырушылар: «Әжелеріміз – ұлттың рухани тірегі. Олардың Құран жаттап, насихаттауы – ел ішінде имандылықты нығайтудың көрінісі», – деп атап өтті.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.06.2025
1870
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру