Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды

zeket.online 08.06.2025 536 0 пікір
Астанада Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды

Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы «Зекет Хаб» орталығында қайырымдылық шарасы өтті. Шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырды.

Жиынға әлеуметтік көмек алған қайырымдылық мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, қор ұжымына алғыстарын жеткізді.

Құрбан айттың алғашқы күнінде мұқтаж жандар мен әлеуметтік осал топтарға құрбандық еті таратылды.

Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қоры қайырымдылық шараларын жүйелі түрде жалғастырып келеді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру