Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елімізде Құрбан айт мерекесі қарқынды тойлануда

zeket.online 08.06.2025 1523 0 пікір
Елімізде Құрбан айт мерекесі қарқынды тойлануда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Құрбан айт мерекесі еліміздің барлық өңірінде кең көлемде ұйымдастырылуда.

Айтулы мереке аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірлік өкілдіктері арқылы мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға құрбандық еттері мен азық-түлік себеттері таратылды. Сонымен қатар коммуналдық қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалмады.

Балаларға арналған сыйлықтар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, жамағатқа арналып дастарқандар жайылды. Қайырымдылық жәрмеңкелері мен спорттық шаралар өтті.

Құрбан айт – бауырмалдық пен мейірімділікті насихаттайтын рухани мереке. Биылғы іс-шаралар ел ішіндегі ынтымақ пен жанашырлықты нығайтуға үлес қосты.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру