Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.04.2025 2394 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы аясында этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолында еңбек еткен тұлғалар марапатталды.

Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да елдегі рухани келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін арнайы марапатты иеленді.

Кеңесте Ассамблеяның 30 жыл ішінде атқарған жұмыстары қорытындыланып, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің, қайырымдылық және жастар ұйымдарының жұмысын дамыту мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру