Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада кітапханашылармен рухани кездесу өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.04.2025 969 0 пікір
Астанада кітапханашылармен рухани кездесу өтті

Астана қаласындағы №15 көпшілік кітапханада ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Кездесуде дін мен дәстүр сабақтастығы, рухани құндылықтар және кітапханашылардың қоғамдағы ағартушылық рөлі туралы айтылды.

Кітапханашылар – тек кітап сақтаушы емес, жастардың сана-сезіміне оң әсер ететін руханият насихаттаушысы екені атап өтілді. Сондай-ақ, діни әдебиеттердің дұрыс сұрыпталуы мен сенімді дереккөздерге жүгінудің маңыздылығы айтылды.

Кітапханаларда «Ұлы тұлғалардың діни-философиялық мұрасы», «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» тақырыптарында арнайы кітап көрмелерін ұйымдастыру ұсынылды.

Шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі, Астана қаласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Б. Күзекбай қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру