ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры игі істің жарқын үлгісін көрсетті. Қор Астана қаласындағы «Астана» медресесінің қыздар бөлімінде және Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтында білім алып жатқан шәкірттерге 70 жаңа аяқ киімді қайырымдылық көмек ретінде сыйға тартты.
Қайырымдылық шарасы шәкірттердің күнделікті тұрмысына қолдау көрсетіп, олардың оқу жолындағы ынтасын арттыруды мақсат етеді. Қор тарапынан көрсетілген бұл қолдау жас буынға қамқорлық пен мейірімділік танытудың нақты мысалы болды.
Іс-шара барысында шәкірттер мен ұстаздар ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорына алғыс айтып, ел болашағы үшін осындай игі амалдардың жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
23.04.2025
2063
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру