Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада университет студенттерімен кездесу өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.04.2025 1562 0 пікір
Астанада университет студенттерімен кездесу өтті

Астана қаласында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық Өнер университетінің 1-3-курс студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты – жастардың жат ағымдардан сақтану иммунитетін қалыптастыру, отансүйгіштік рухты арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу. Атап айтқанда, ішімдік, электронды темекі, құмар ойын (лудомания) секілді теріс әрекеттердің зардабы түсіндірілді.

Кездесуге ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі, Астана қаласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бағыжан Күзекбай қатысып, студенттерге дінді дұрыс түсіну, сенімді діни ақпарат көздерін таңдау және дәстүрлі ислам құндылықтары туралы кеңестер берді.

Шара соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру