
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни сараптама бөлімінің алғашқы тоқсандық есептік жиналысы онлайн форматта өтті.
Жиналыс ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасына сәйкес, найб мүфти Сансызбай Құрбанұлының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Сансызбай Құрбанұлы бөлімнің негізгі міндеттері мен ұстанымдарына тоқталып, соңғы жылдары діни сараптамадан өткен әдебиеттер санының артуы қоғамның дінге деген қызығушылығын көрсететінін атап өтті.
ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Данияр Айтбайұлы өз сөзінде жат ағымдардың алдын алуда сараптамадан өткен әдебиеттердің маңызына назар аударды.
Жиында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды облыстарының мамандары есеп беріп, сараптамаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Бөлім басшысы Нұрлан Ефратұлы қорытындылап, мешіттерде, оқу орындарында, түзеу мекемелерінде және діни дүкендерде сатылатын әдебиеттерге сараптамалық тексеріс жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, сараптамадан өтпеген діни материалдардың таралуына жол бермеу – бөлім мамандарына жүктелген басты тапсырмалардың бірі ретінде белгіленді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру