Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ – «БЕТПЕ-БЕТ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА (ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.03.2025 1789 0 пікір
БАС МҮФТИ – «БЕТПЕ-БЕТ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «24 KZ» телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына арнайы сұхбат берді.

Бас мүфти сұхбат барысында қасиетті Рамазан айының өзге айлардан артықшылығы, ораза ұстаудың негізгі мәні, құрылғанына 35 жыл толған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарған жұмыстары мен діни саладағы жетістіктері, жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтап қалу сынды мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасы дін мен дәстүр сабақтастығын барынша дәріптеп келе жатқан мүфтияттың діни ағарту бағытындағы іс-шаралары жайлы баяндап, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың күнделікті жұмыстарын цифрландыру бағытындағы тың жобалары туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ дін қызметкерлерінің білімін арттырудың маңызына тоқталды.         

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру