Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігін қорытындылауға арналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.
«Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадистерде Рамазан айының алғашқы он күні мейірім күндері екені айтылады. Берекелі айда халқымыздың діни жоралғыларды дұрыс атқаруына жағдай жасап, мешіттерде берілетін ауызашарлар мен оқылатын тарауық намаздарын жоғары деңгейде ұйымдастыра беруіміз керек» деп атап өтті Бас мүфти.
Жиналыс барысында бөлім меңгерушілері бес бағыт бойынша Рамазан айында өкілдіктерде атқарылған іс-шаралардың есептік баяндамасын жасады.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
18.03.2025
2830
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру