Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» ІІ республикалық уағызшылар форумында имамдарға арнайы семинар өтті.
Уағызшыларға арналған семинарда «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры, Ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев «Ислам насихатының қайнар көздері және оны ұсыну жолдары» тақырыбында, ал «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан «Медиадағы уағыз-насихат» тақырыбында және Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы «Дін қызметкерінің әдебі» тақырыбында дәріс оқыды.
Сондай-ақ ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров еліміздің түкпір-түкпірінен келген уағызшы-имамдарға алғысын білдіріп, оларды алдағы уақытта да мүфтият бастамаларына қолдау танытып, халыққа насихаттауда белсенді болуға шақырды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
25.02.2025
2926
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру