Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.02.2025 3593 0 пікір
БАС МҮФТИ РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

ҚМДБ Төрағасы мұсылман үмметі үшін қасиетті саналған Рамазан айы жайлы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру