Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДАҒЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.02.2025 3034 0 пікір
АСТАНАДАҒЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Астанадағы «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы болып Бейбіт Мырзагелдиев тағайындалды.

Жаңа бас имамды мешіт жамағатына жұма намазына арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасының өзі таныстырды.

«Бейбіт Әліпбекұлы соңғы бес жылда Жамбыл облысының бас имамы және «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды. Дін саласындағы тәжірибелі имамдарымыздың бірі. Алла Тағаладан Бейбіт имамның алдағы қызметіне сәттілік пен береке тілеймін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру