
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әл-Ғани» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Көркем мінездің дәрежесі» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Асыл дініміз иман етіп, Жаратушымен байланысымызды нығайтуды бұйырумен қатар, өзге адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді болуға үйретеді. Көркем мінез – адамның тәрбиедегі кемелдігінің, діндегі беріктігінің, ішкі жан-дүниесіндегі тазалықтың белгісі саналады. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Қалам» сүресінің 4-аятында: «Шын мәнінде сен ұлы мінезге иесің», – деп ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезін мақтаған. Негізі Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) берілген артықшылықтар өте көп. Солардың ішінде Хақ сардарының мінезінің мақталуынан көркем мінездің қаншалықты үлкен маңызға ие екенін түсінеміз» деді.
Жұма намазынан соң ҚМДБ Төрағасы мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру