Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти «Qamqor-Sharapat» орталығы жұмысымен танысты

janaza-qyzmet.tilda.ws 21.02.2025 3287 0 пікір
Наиб мүфти «Qamqor-Sharapat» орталығы жұмысымен танысты

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай Республикалық бас мешітте орналасқан QAMQOR-SHARAPAT орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.

Орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы наиб мүфтиге орталықтың атқаратын қызметтерін және жақында іске қосылған janaza-qyzmet.tilda.ws сайтын таныстырып, жылдық жоспар бойынша алда атқарылатын іс-шараларды баяндады.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ жанынан құрылған QAMQOR-SHARAPAT орталығының мақсаты – елімізде мұсылман қауымының зиратын тұрғызу мен оларды зиярат етуде халқымызды ысыраптан сақтандырып, шариғат пен салт-дәстүріміз аясында салтттық қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуіміз керек» деді Ермек Мұқатай.

Айта кетейік, QAMQOR-SHARAPAT орталығының бір бағыты – еліміздегі зираттарды бір ізге түсіру. Зират – барша адамзаттың Жаратушы алдында тең екендігін, бай мен кедейдің, жас пен кәрінің, күшті мен әлсіздің бір-бірінен артық еместігін, имандылық, тақуалық секілді ізгі қасиеттермен ғана биік тұратынын көрсететін ғибрат мекені. Сондықтан зираттарды бір ізге түсіру – уақыт талабы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру