Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Зекет HUB орталығына барды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 19.02.2025 3118 0 пікір
Наиб мүфти Зекет HUB орталығына барды

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай елордадағы Зекет HUB орталығына арнайы барып, оның қызметімен танысты.

Наиб мүфтиге орталықтың қызметін таныстырған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев орталықтың негізгі мақсаты мен атқаратын жұмыстарына тоқталып, мұқтаж жандарға көмек көрсетудегі жаңа бастамаларды жеткізді.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған Зекет HUB қайырымдылық орталығы – әлеуметтік осал топтарды, оның ішінде аз қамтылған отбасыларды, көпбалалы және жалғызбасты аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтарды коммерция негіздері мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға бағытталған. Жоба аясында қатысушылар қысқа мерзімді курстардан өтіп, жаңа мамандықтарды меңгере алады. Бұл олардың жұмысқа орналасуына немесе жеке кәсібін бастауына мүмкіндік береді.

Наиб мүфти Ермек Қасболатұлы орталық қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, істеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру