Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ АҚТӨБЕ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 16.02.2025 1785 0 пікір
ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ АҚТӨБЕ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Ақтөбе облысына іссапармен барған Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев өңірдің дін қызметкерлеріне семинар өткізді.

Алдымен Батыржан Берденұлы «Ихсан және насихат» бағытына сәйкес «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында дәріс оқып, уағыз-насихат айтудың маңызын, түрлерін, пайдаланылатын негізгі дереккөздерін, құрылымын, уағыз айтушының сипаттарын, әдіс-тәсілдерін баяндап өтті. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында қабылданған «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы аясында тақырыпты түсіндірді.

Ал «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев имамдарға халал индустриясының негіздері, шариғи талаптары және «Халал Даму» қызметі, оның атқаратын міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар Айбек Асқарбекұлы имамдар мен ұстаздарға халал өнімдерін сертификаттау, кәсіпкерлермен жұмыс істеу және тұтынушыларға дұрыс ақпарат жеткізу мәселелеріне ерекше тоқталды. Одан өзге жергілікті имамдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Іс-шара барысында облыстың бас имамы Амантай Садиев семинардың маңыздылығын айтып, ҚМДБ өкілдеріне дін мамандарының біліктілігін арттыруға арналған семинарға спикер ретінде келгендігіне алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру