Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.02.2025 3150 0 пікір
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысының бас имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалды.

Тағайындау рәсіміне арнайы келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы өңірдің дін қызметкерлері мен жамағатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, бұйрықты оқып берді.

Бұған дейін бас имам және «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры қызметін атқарып келген Бейбіт Әліпбекұлы жаңа қызметке ауысты. Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жаңадан тағайындалған бас имам Асқар Зәкіржанұлына сәттілік пен береке тіледі.

Жұма намазынан кейін Бейбіт Әліпбекұлына облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің атынан алғыс хат табысталып, Діни басқарма мен жамағат қазақтың дәстүрлі шапанын жапты. Мешіт жамағаты ризашылығын айтып, мешіт ұжымы жүрек жарды дұға-тілектерін жеткізді. Ал өкілдік қызметіне келген бас имам Асқар Зәкіржанұлына жемісті әрі нәтижелі жұмыс, ырыс-береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру