Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІ» КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.02.2025 2117 0 пікір
БАС МҮФТИ «ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІ» КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дегі Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы кітапханасымен танысты.

Бас мүфтиге кітапхана жұмысын оқу орнының проректоры Баршагүл Исабек таныстырып, оқу залын бірге аралады. ҚМДБ Төрағасы соңғы жылдары қайта жаңартылып, заманауи оқу құралдарымен жабдықталған кітапханаға Әбсаттар қажы Дербісәлі есімінің берілуіне ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, ғалым, Діни басқармасының 2000-2013 жылдардағы төрағасы марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлі – осы оқу ордасының 1969 жылғы түлегі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру