Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.12.2024 1611 0 пікір
РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің ресми сайты жариялады.

«Ресейдің миллиондаған мұсылман үмбетінің және өз атымнан сізді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти жоғары әрі жауапты лауазымына қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан мұсылмандарының Х құрылтай делегаттарының бірауыздан қабылдаған шешімі сіздің асыл дініміз Ислам мен Қазақстан халқының игілігі үшін жасаған көпжылдық қызметіңізге жоғары баға беруінің жарқын айғағы деп есептеймін.

Құдіретті Алладан Сізге мықты денсаулық, сарқылмас қуат, даналық пен шыдамдылық беруін сұраймын. Алла Тағала сіздің барлық бастамаларыңызға береке берсін. Сізге мұсылман жамағаты артып отырған сенімді ақтауға Жаратқан жәрдем берсін» делінген құттықтауда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру