Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.12.2024 2235 0 пікір
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Сізді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – еліміздегі мұсылман қауымының сізге деген зор сенімінің белгісі. Сондай-ақ өзіңіздің Ислам дінінің асыл құндылықтарына деген берік ұстанымыңыздың жарқын көрінісі. Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және рухани қызметіңізге толайым табыс тілеймін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру