Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ГВИНЕЯ-БИСАУ ПРЕЗИДЕНТІНЕ БАС МЕШІТТІ ТАНЫСТЫРДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.12.2024 2448 0 пікір
БАС МҮФТИ ГВИНЕЯ-БИСАУ ПРЕЗИДЕНТІНЕ БАС МЕШІТТІ ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Бас мешітте елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен кездесіп, құлшылық ордасының жұмысын таныстырды.

Алдымен Бас мүфти президентке Бас мешіттің өзге құлшылық үйлерден ерекшелігі жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жамағаттың рухани сұранысын қанағаттандыру, Ислам дінін заманауи тәсілмен насихаттау, жамағат арасында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз етті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру