Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НҰРТӨРЕ ЖҮСІП: ТЕКТІЛІГІМІЗДІ САҚТАП ҚАЛУ МАҢЫЗДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.12.2024 1006 0 пікір
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП: ТЕКТІЛІГІМІЗДІ САҚТАП ҚАЛУ МАҢЫЗДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тектілік – асыл қасиетіміз» тақырыбында өткен республикалық конференцияда Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп осылай деді.

«Адам баласының тектілігі шыққан тегі ғана емес, оның жүріс-тұрысы, ойлау жүйесі, мінез-құлқынан көрініп тұрады. Сонымен қатар, білім мен тәрбие, адамгершілік қасиеттер, ұлттық құндылықтарды құрметтеу де тектіліктен көрініс табады. Дегенмен, тектілігімізді сақтап қалуға кедергі келтіріп отырған жайттар бар. «Ауруын жасырған өледі» демекші, өкінішке қарай, еліміз ажырасу және суицид бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұр. Жеті атасын, тегін білмей үйленіп жатқан жастар көп. Әлеуметтік желілер санамызды улап, балаларымыздың көзі мен құлағы нашарлады. Балаларымыз жапырақтың сыбдырын, бұлақтың сылдырын естімейтін болды. Бұл – бәрімізді де ойландыратын, толғандыруы тиіс өзекті мәселелер. Себебі мұндай жағдайда тектілігімізді сақтап қала аламыз ба деп ойлаудың өзі қорқынышты» деді Сенат депутаты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру