Бүгін елордаға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназар келді. Құрметті мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚМДБ Төрағасы қазақы дәстүрге сай күтіп алды.
Әуежайда делегацияға дәм ұсынылып, мүфтилер өзара жағдай сұрасып пікір алмасты. Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы шақыртуын қабыл алып келген өзбек елінің мүфтиіне ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, ертең, 3 қазан күні ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында Түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының V Мәжілісі өтеді. Алқалы жиында бірқатар құжаттар қабылданып, Бас мүфтилердің өзара жеке кездесулері өтеді деп жоспарлануда.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру