ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «QAZ QATAR» жобасы аясында өндірілетін тауық еті «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының «QMDB Halal» сертификатына ие болды.
20-21 қыркүйек күндері Тараз қаласында өткен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесіне «Зекет және қайырымдылық» қоры да қатысып, төл өнімдерін ұсынды.
«HALAL EXPO-2024» көрмесіне балалардың моторикасын дамытатын үстелдер, бизиборд, логопедикалық үстелдер қойылды. Сонымен қатар, «QAZ QATAR» жобасы аясында өндірілетін тауық еті де көрмеге келушілерге ұсынылды» дейді қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру