20-21 қыркүйек күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында IV халықаралық «HALAL EXPO-2024» халал өнімдер көрмесі өтеді. Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған діни басқарма қызметкерлері көрме аумағында қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп, іс-шараның өту барысы қадағаланды.
«Дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық халал өнімдер көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады. Көрме барысында халықтың көзайымына айналған «Үздік кәсіпорындар» марапатталады. Сонымен қатар, көрмеген келушілер «QMDB Halal» таңбасымен шығарылатын отандық және шет елдік халал өнімдердің түрлерін қолжетімді бағада алуға мүмкіндіктері бар», – деген Айбек Асқарбекұлы ертеңгі өтетін көрмеге сақадай сай екендерін жетізді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру