Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «DINTELLECT» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметіі muftyat.kz 19.09.2024 2060 0 пікір
БАС МҮФТИ «DINTELLECT» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Республикалық бас мешітте «DINTELLECT» интеллектуалды білім сайысының финалдық кезеңі өтті. Білім сайысының жеңімпаздарын марапаттауға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

«DINTELLECT» – Жастар ісі секторының білімді насихаттау бағытындағы үлкен жобасы. Мінеки, финалға әр өңірдің үмітін арқалап келіп отырсыздар. Бұл интеллектуалды сайыста жеңу немесе жеңіліп қалу маңызды емес. Мұндай білім сайыстары адамның интеллектуалды қабілетін арттыруға үлкен мүмкіндік. Себебі мұндай алаңнан кез келген адам білім алып қайтады. Осындай жобаны ұйымдастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Дін мен дәстүр бөліміне және оның Жастар ісі, Қоғаммен байланыс секторларына алғысымды білдіремін. Бұл да – бәріңіздің білім жолындағы сапарларыңыз деп білеміз. Алла Тағала сауаптан жазсын» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, «DINTELLECT» жобасының финалдық кезеңін елімізде интеллектуалды білім сайыстарын ұйымдастырушы, ойындағы сұрақ авторы Мерей Ермұханов жүргізді. Бес турдан тұратын сайыста қатысушылар дін, тарих, мәдениет, дәстүрге қатысты логикалық сұрақтарға жауап іздеді. Тартысты өткен кездесуге еліміздің әр аймағынан келген 20 команда қатысып, алғашқы алты орын иегерлері қаржылай сыйлықпен марапатталды. Атап айтқанда, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласының сайыскерлеріне ынталандыру сыйлығы (әрқайсына 50 мың теңге) берілсе, Қостанай облысының намысын қорғаған команда ІІІ орынды (100 мың теңге) иеленді.

Ал Қарағанды өкілдігі мен Астана қаласының командалары тең түсіп, екеуі де жеңімпаз атанды. Ойын ережесіне сай, ұпайы тең командалардың орын реттілігі соңғы турда жинаған ұпай санына қарай есептелуі қажет болатын. Бір қызығы, қос команда да финалдық ойынның соңғы турында ғана емес, барлық кезеңінде біп-бірдей ұпай жинаған. Сондықтан ұйымдастырушылардың шешімімен Қарағанды облысы мен Астана қаласының командасы жеңіске лайық деп танылып, екеуіне де 200 мың теңгеден қаржылай жүлде берілді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру