Бүгін Астанада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғардың қатысуымен қазан айында өтетін Түркі мүфтилер кеңесінің V отырысына дайындық жұмыстары талқыланды.
Онлайн форматта өткен жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің жауапты мамандары қатысты.
Жиынды ашқан наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы ең алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, алдағы алқалы жиынға береке тіледі. Сондай-ақ осы жылы Түркі мемлекеттерінің мүфтилер алқасына жетекшілік ететін Қазақстан тарапы көтеріп отырған бастамаларды ортаға салып, атқарылатын жұмыстарды таныстырып өтті.
Онлайн форматта өткен отырыс барысында Түркі мүфтилері кеңесінің аясында өтетін бірнеше іс-шаралардың жұмыс жоспары мен бағдарламасы талқыланды.
Айта кетейік, Түркі мүфтилер кеңесінің отырысында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылып, пәтуаға жауапты мамандардың да отырысы өтпек.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру