
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласына келді.
Бас мүфтиді Каир әуежайынан МАР Уақыптар министрінің орынбасары Халид Салах күтіп алып, құрмет көрсетті. Мысыр тарапынан шақыруды қабыл алып, халықаралық конференцияға арнайы келгені үшін ҚМДБ Төрағасына алғысын білдірді.
Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапар барысында осы елдің Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисидің қамқорлығымен және Уақыптар министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін «Сауаттылықты арттырудағы әйелдердің рөлі» халықаралық конференциясына, сондай-ақ «Талаба» халықаралық студенттер қауымдастығының «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығының ашылуына қатысады. Одан бөлек, Мысыр жерінде білім алып жатқан қазақ студенттерімен және бірқатар ресми тұлғалармен кездесу жоспарланған.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру