Абай облысындағы сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы заңғар жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығы қарсаңында ашылған Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов мұражайын аралап көрді. 19 ғасырда салынған бұл үйге кезінде Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім, одан бөлек Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы да отбасымен біршама уақыт тұрған.
Музей қызметкері қонақтарға тарихи кезеңдерді баяндап, бұрынғы үй иесі болған Әнияр Молдабаев өмірінен мәліметтер берді.
Айта кетейік көне ғимарат 1944 жылы Абайдың әдеби-мемориалдық үйі болып ашылған. 1995 жылы Абайдың Семейдегі бас музейі ашылғанша келушілерге қызмет еткен.
Екі қабатты тарихи нысан іші негізінен Алаш арыстарының өмірінен сыр шертеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру