Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Әлеуметтік желіні қолданудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Қазіргі күні әлеуметтік желілер күн сайын дамып, түрленіп, оны қолданушылардың аясы да көбеюде. Сондықтан да оны қолданудың әдебі мен мәдениетін үйрену, оны сақтау, отбасы мүшелерімізді де соған тәрбиелеу уақыт күттірмейтін мәселе. Мұсылман адам өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда көркем мінез танытып, әдеп сақтап, тақуалық қалпын жоғалтпай, әлеуметтік желіде өзіндік ұстанымы болуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қайда болсаң да Алладан қорық, күнәлі істен кейін оны өшіретін жақсылық жаса әрі адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол», – деген (имам Ахмад, Термизи). Алла Тағала біздерге тақуалық пен көркем мінезді нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!» деді.
Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен игілігі үшін дұға жасады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру