Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИДІҢ АЛТАЙ, МОҢҒОЛИЯ САПАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.07.2024 2210 0 пікір
БАС МҮФТИДІҢ АЛТАЙ, МОҢҒОЛИЯ САПАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясының Алтай Республикасына, Моңғолия еліне жұмыс сапарымен барып, жергілікті қандастармен, имамдармен кездесіп, бірқатар келіссөздер жүргізді.

Сапар аясында Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлымен, Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат қажы Оқтаубаевпен кездесіп, ортақ жобаларды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Алтай Республикасы мен Моңғолия еліндегі қазақ имамдарын жан-жақты қолдауға, оларды тұрақты түрде «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптармен, мүфтияттың төл басылымдарымен қамтамасыз етуге, діни ағарту саласы бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру