Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қажылық маусымында Мекке мен Мәдина қалаларында қызмет атқарған Қажылық миссиясының қорытынды есебі тыңдалды.
Діни басқарма ұжымы қатысқан жиында миссия төрағасы Ершат Оңғар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына 2024 жылдың қажылық маусымында атқарылған жұмыс жөнінде баяндап берді. Алдымен миссия жұмысын баяндайтын шағын бейнеролик назарға ұсынылып, Ершат Ағыбайұлы қажылық миссиясының бес бағыты – ұйымдастыру мен үйлестіру, уағыз-насихат, пәтуа және сұрақ-жауап, алғашқы медициналық көмек, ақпараттық сүйемелдеу бағыттары бойынша кеңірек тоқталды.
Жұмыс есебін тыңдаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы миссия өкілдеріне атқарған сауапты іс үшін алғысын білдіріп, қажылық маусымын ұйымдастыру жұмысын әлі де дамыту, жетілдіре беру керектігіне назар аударды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар да қажылық жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру тетіктеріне тоқталып, нақты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру