Бүгін Астанада республикалық Бас мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілік етуімен діни білім және кадр даярлауды дамыту бойынша арнайы жиын өтті.
Басқосуда ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы арнайы баяндама жасады. Ол өз сөзінде діни оқу орындарының оқу бағдарламасын жетілдіру, діни кадр даярлау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыру бойынша қолға алған жобалар жайлы атап өтті.
ҚМДБ қызметкерлері діни білімді дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы баяндама жасап, шәкірттердің жан-жақты білімін арттыру, халықтың діни сауатын көтеру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді.
Жиын соңында Бас мүфти бөлім меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
02.07.2024
3117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру