Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПАВЛОДАРДА ХІІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.06.2024 1646 0 пікір
ПАВЛОДАРДА ХІІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында 2024 жылдың қыркүйек айында қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқау» өтеді. 

Байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынайды.

Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
  • үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
  • толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
  • үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
  • үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
  • үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. 
Байқауға қатысу үшін:
  1. Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
  2. Үміткердің анкетасы;
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру