Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТУРОПЕРАТОР ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.06.2024 679 0 пікір
ТУРОПЕРАТОР ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан қажылық миссиясы өкілдері Мекке қаласында медицина қызметкерлерінің жиынын өткізді.

Басқосуға наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлі Бекжігітов, миссияның бас дәрігері Ардақ Айтбайұлы және 16 туроператордың медицина мамандары қатысты.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан қажылық миссиясының құрамында 4 дәрігер, сондай-ақ 16 туроператорлардың дәрігерлері, барлығы 20 медицина қызметкері 5081 қажыға қызмет көрсетуде. Аллаға шүкір, жағдайы мүшкіл сырқат қажылар жоқ. Әйтсе де, алдағы Мина-Арафат аймағындағы үлкен қажылықтың негізгі рәсімдері баршамыз үшін жауапты сәт. Сондықтан біз үшін қажылардың құлшылығын дұрыс орындауымен қатар, олардың әрқайсының денсаулығы да өте маңызды» деп атап өтті Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Ершат Ағыбайұлы.

Жиында Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы мен миссияның бас дәрігері Ардақ Айтбайұлы медицина мамандарын үлкен құлшылық кезінде қажылардың хал-ахуалына жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауға шақырды. Сондай-ақ барлық туроператорлар бір жерде орналасатындықтан, қажет жағдайда дәрігерлердің бірге әрекет етуі жөнінде нұсқама берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру