Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

УАҒЫЗШЫЛАРҒА ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.06.2024 1142 0 пікір
УАҒЫЗШЫЛАРҒА ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Мекке қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен қажылықты ұйымдастыратын 16 туроператорға бөлінген уағызшы имамдарға арналған жиын өтті.

Басқосуға Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Ершат Ағыбайұлы, Бас консул Руслан Тобылұлы мен миссияның уағыз-насихат жұмыстарына жауапты қызметкері Нұрбек Әуесханұлы арнайы қатысты. Алдымен Ершат Ағыбайұлы уағызшы имамдардың негізгі міндетіне тоқталып, қажыларға көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейде болуы керектігін еске салды. Ал ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі, қажылықтағы уағыз-насихат жұмыстарына жауапты Нұрбек Әуесханұлы мүфтият бекіткен имамдар 5081 қажыны толық қамтып, елден шыққан сәттен бастап әуежайда, ұшақта, Джидда-Мекке, Мәдина-Мекке бағытындағы автобуста да, қазіргі уақытта қонақүйлердің намазханаларында уағыз айтылғанын жеткізді. Бір апта ішінде имамдар қажылықты өтеу тәртібі, үлкен құлшылықтың рухани сырлары сынды тақырыптарда барлығы 100-ден аса уағыз айтқан.

Алда үлкен қажылық рәсімдеріне орай қажылар Мина, Арафат аймағына қарай жолға шығады. Осы ретте Қажылық миссиясы тарапынан уағызшы-имамдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, қажылық сапарында қажылардан келіп түскен әртүрлі сауалдарға миссияның сұрақ-жауап бағытына жауапты Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы жауап беруде. Күні бүгінге дейін қажылардың 468 сұрағына жауап берілді. Ал 16 туроператорға Діни басқарма тарапынан 17 уағызшы имам бөлінген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру