Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ АСТАНАДА АВТОБУСТАР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

gov.kz 10.06.2024 874 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ АСТАНАДА АВТОБУСТАР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

Астана қаласының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық! Шаһар әкімдігінің шешімімен 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Яғни, елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін ұйымдастырылады.

«Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады. Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады» делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру