Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі Muftyat.kz 10.06.2024 1330 0 пікір
ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

 

Бүгін Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айтқа қатысты Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжіліске ҚМДБ қызметкерлері мен облыс, қала бас имамдары қатысты. Онлай және офлайн форматта өткен жиында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айтқа қатысты жоспарланған жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асырудың маңызына тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Жиында наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Құрбан айтқа, айт намазына қатысты мәліметпен бөлісті. Ал Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев жалпы ұйымдастыру жұмыстары жайлы есеп берді. Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов, Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы өздерінің жұмыс бағыттары бойынша баяндама жасап, жұмыс жоспарын бөлісті.


Айта кетсек, биыл Құрбан айт 16 маусымда басталады.
 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру