Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ИМАНИ ЖАЗ-2024» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 10.06.2024 2807 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ИМАНИ ЖАЗ-2024» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсы басталды. Салтанатты рәсімге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, батасын берді.

Әуелі қасиетті Құран аяттары оқылып, бата жасалған соң, шара тізгінін ұстаушы Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сөз кезегін ұсынды.

Мүфти хазірет өз сөзінде бүлдіршіндер мен ата-аналарға шариғи білім алудың маңызы мен ерекшеліктерін, жазғы сауат ашу курсының басымдық беретін тұстарын айта келе, ең бастысы балалардың тәртібі мен денсаулығы және қауіпсіздігі екенін қаперге салды.

Жиын барысында осы жылы алғаш рет қолданысқа еніп жатқан «Имандылық әліппесі» оқулығының лента қию рәсімі өтті. Бас мүфти «MUFTIYAT» баспасынан жарық көріп, «Дін мен дәстүр» негізінде жазылған оқулықты балаларға өз қолымен таратып берді.

Жиын соңында ақсақалдар арнайы бата беріп, игі бастамаға сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру