Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

MUFTIYAT.KZ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.05.2024 6731 0 пікір
MUFTIYAT.KZ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың «Бөлім сағатында» MUFTIYAT.KZ ресми сайтының мобильді қосымшасы таныстырылды.

Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан Бас мүфтиге мобильді қосымшаны толықтай таныстырып, Apple және Android платформасында қолжетімді екенін баяндады.

Айта кетейік, мобильді қосымшада Діни басқарманың ресми сайтындағы контенттерді ыңғайлы нұсқада көруге, тыңдауға, сондай-ақ намаз кестесін жүктеуге, құбыланы анықтауға болады.

Қосымшаны қазір жүктеп алыңыз:

Apple/IOS – https://apps.apple.com/kz/app/muftiyat-kz/id6499507851;

Android – https://play.google.com/store/apps/details?id=com.thedevelopers.muftiyatkz&pcampaignid=web_share.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру