Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МАРАЛ ИШАН МАЗАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.05.2024 2964 0 пікір
БАС МҮФТИ МАРАЛ ИШАН МАЗАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған сапарында Қармақшы ауданында болып, Марал ишан баба мазарын зиярат етті.

Бас мүфти баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, арнайы дұға жасады. ҚМДБ Төрағасы сонымен қатар ел арасында Қалқай әулие атанып кеткен Марал ишанның ұлы Құлмұхаммедтің рухына да Құран бағыштап, дұға жасады.

Айта кетсек, Марал ишан – тарихи тұлға, Ислам дінінің көрнекті насихатшысы. Кезінде Бұхара медресесінде, кейін Мазари Шариф­те (қазіргі Ауғанстан жері) білім алған. Ағартушылық қызметпен де көп айналыс­қан ол Қызылорда, Қызылжар, Қоста­най өңірлерінде бірнеше мешіт пен мед­­ресе ашқан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру