Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.05.2024 829 0 пікір
БАС МҮФТИ «ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында Ыстамбұл қаласында білім алып жатқан мүфтиятқа қарасты «Талаба» қауымдастығының шәкірттерімен кездесті.

Студенттерге Діни басқарма атынан арнайы дастарқан жайылып, Бас мүфти насихат айтты. Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттердің білім жолындағы талпыныстарына береке, дендеріне саулық тіледі әрі елден жырақ жүргендіктен түрлі саяси, діни топтардан сақ жүруге кеңес берді. Ал Түркияға барған ҚМДБ делегаттары Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков пен Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы діни білім алумен қатар имамдық қызметтегі тәжірибесін бөлісті.

Сондай-ақ Діни басқарманың Түркиядағы өкілі Абдурашид Қарабаев пен «Талаба» қауымдастығының Ыстамбұл қаласындағы өкілі Абдулла Шәкір қауымдастықтың бұған дейін атқарған жұмыстары және жоспарларын тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру