Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА ДІНИ ОҢАЛТУ БАҒЫТЫНДА ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.04.2024 721 0 пікір
ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА ДІНИ ОҢАЛТУ БАҒЫТЫНДА ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен діни оңалту бағытында еліміздегі мешіттердің әйел ұстаздарына арналған онлайн семинар өтті.

Әйел-қыздар секторының өңірлердегі жауапты өкілдері қатысқан семинарда Діни оңалту бөлімі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Данияр Кенжалин дәріс оқыды. Спикер жат ағымдардың қалыптасу тарихы мен деструктивті сипаттарына кеңінен тоқталды.

Семинар соңында Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы жат ағымдардың деструктивті сипаты мен олардың қоғамға зияны жөнінде әйел ұстаздардың да білуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ спикер Данияр Айтбайұлына алғыс білдіріп, діни оңалту мамандарының жетекшілігімен алдағы уақытта да семинарлар ұйымдастырылатынын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру