Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.04.2024 1563 0 пікір
ҚМДБ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуге Әйел-қыздар секторы да атсалысты.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиеваның айтуынша, мүфтиятқа қарасты мешіттердің әйел ұстаздары мен ерікті жамағаты күн сайын Құран Кәрімді толық оқып, ел амандығы үшін дұға жасауда. Сондай-ақ күні бүгінге дейін әйел жамағатының қолдауымен 10 миллион теңге жиналып, су апатынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына жолданды. Одан бөлек сектордың әр өңірдегі өкілдіктері, әйел ұстаздардың ұйытқы болуымен 55 тонна гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнелтілді.

«Тілсіз жаудан зардап шегіп жатқан отандастарымызға жөнелтілген гуманитарлық көмекте киім-кешектер, дәрі-дәрмек, әйелдерге қажетті заттар, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, балаларға арналған ойыншықтар мен тәттілер бар. Рамазан кезінде ауызашар мен кешкі ас, айт күні қонақ асы берілді» дейді Динара Құтқожақызы.

Айта кетейік, судың беті қайтқанша елмен бірге дін қызметкерлері, оның ішін де әйел ұстаздар мен жамағаты да қызмет ете бермек. Ерікті әйел жамағаты қоғамдық іске жұмылдырылып, бөгеттер тұрғызуға да көмектескенін айта кеткен жөн.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру